Түркістанда 1600 жаңа жол белгісі орнатылды

Пешеходный переход, пешеходная зебра, дорожная зебра, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2025 13:46 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Түркістанда жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл шаралар көлік қозғалысын реттеуге, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Жүргізілген жұмыстар аясында жалпы жол белгісі орнатылды. Оның 310 данасы білім беру ұйымдарының маңына қойылса, қала бойынша барлығы 1290 жол белгісі жаңартылды.

400 шақырым жол таңбалары өңделіп, тұрғындардың қауіпсіздігін күшейту үшін 200 жаяу жүргіншілер жолағы айқындалып, сызылды.

Көлік жылдамдығын төмендету мақсатында мектептер мен халық көп шоғырланатын аймақтарға жасанды жол кедергілері орнатылды.

Полицейлер жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдықты асырмауға, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге әрдайым басымдық беруге шақырады.

Жыл басынан бері атқарылған бұл жұмыстар қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі шаралардың маңызды бөлігі болып табылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: