Алматы облысында жол қауіпсіздігін арттыру бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде

Дорога, трасса, дорожное строительство, дорожная инфраструктура, новая дорога, новая трасса , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.05.2025 13:38 Фото: Zakon.kz
19 сәуір мен 19 мамыр аралығында өңір аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған республикалық "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара аясында облыстық әкімшілік полиция басқармасының жол-техникалық инспекциясының полиция қызметкерлері жол желісінің жағдайын жақсарту бойынша кешенді шараларды жүзеге асыруда.

Мердігер ұйым өкілдерімен бірлесіп, жол жағдайын тексеру бойынша рейдтер жүргізіліп жатыр. Осы жұмыстар барысында жол төсемінің шұңқырларын жөндеу, жол белгілерін орнату, ауыстыру және түзету, жаяу жүргіншілер өткелдерін жаңарту, сондай-ақ жол белгілерінің көрінуіне және оқылуына әсер ететін кемшіліктерді жою.

Жол апаты жиі тіркелетін учаскелерге, сондай-ақ мектептер, балабақшалар, базарлар мен қоғамдық орындар маңындағы қозғалыс тығыз аймақтарға ерекше назар аударылуда. – Жолдағы техникалық тәртіпті сақтау – профилактиканың бір бағыты ғана.

Ең бастысы – жол қозғалысына қатысушылардың өздері жол жүру ережелерін қатаң сақтап, бір-біріне құрметпен қарап, рөлде жауапкершілік танытуы қажет. Біздің барлық күш-жігеріміз – адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін бағытталған.

Жол қауіпсіздігі – әрдайым басты назарда. Профилактика, бақылау және инфрақұрылымды қалпына келтіру – бұл бір реттік шаралар емес, жүйелі жұмыстың бір бөлігі, – дейді әкімшілік полиция қызметкерлері.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: