Сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Жаңбыр, ауа райы болжамы, 2 желтоқсан, Қазақстан, дауылды ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2025 21:50 Сурет: unsplash
Астана мен еліміздің 16 облысында 2 желтоқсанда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

2-3 желтоқсанда Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында және орталығында да тұман түседі деп күтіледі.  

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп болжанады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында көктайғақ болып, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман түседі деп күтіледі.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман болады деп болжанады.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Көкшетауда да 2 желтоқсанда тұман түседі деп болжанады. 

Түнде және таңертең Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман болады деп болжанады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман түседі деп күтіледі.

Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады деп болжанады. 

Таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман түседі деп күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, шығысында және орталығында да тұман түседі деп күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болады деп болжанады.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында нөсер жаңбыр жауады, түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында, орталығында тұман болады деп күтіледі. Ақтауда 2 желтоқсанда күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады деп күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп болжанады. Қостанайда да 2 желтоқсанда түнде көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. 

Астанада 2 желтоқсанда тұман түседі деп болжанады. 

Түнде және таңертең Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман болып, солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с құрайды.

Айта кетсек, Қазақстанда 2 желтоқсанда қар түсіп, нөсер жаңбыр жауатыны болжанады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: