Қаптама құлауы салдарынан орын алған қайғылы жағдай: өзге ғимараттарға тексеріс жүргізілмейтін болды
Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевқа 2025 жылдың 2 желтоқсанында үкіметтегі брифингте ғимарат қаптамасы құлап қайтыс болған фельдшердің оқиғасынан кейін елордадағы ғимараттардың апатты жағдайын анықтау үшін ведомство тексеру жүргізе ме деген сұрақ қойылды.
Астанадағы фасад құлауы: Минпром қайғылы жағдайдан кейін ғимараттарды тексеруді жоспарламайды
Министрге журналистер ғимараттардағы үлкен жарықтар мен саңылауларды көрсететін өнеркәсіптік альпинистердің видеосын да мысал ретінде көрсетті.
"Қазіргі уақытта Парламентте Құрылыс кодексі қаралып жатыр. Депутаттар тарапынан мыңнан астам түзету енгізілген. Негізгі міндеттердің бірі – құрылыс сапасына мемлекеттік бақылауды күшейту. Сіз айтып отырған ғимарат 2005 жылы салынған. Өкінішке қарай, бұрынғы нормативтік актілерде кепілдік мерзімі екі жылмен шектелетін. Әрине, бұл – өте аз мерзім. Құрылыс компаниялары әлдеқайда ұзақ уақыт жауапкершілік алуы керек деп санаймыз. Сондықтан қазір біз көтергіш конструкциялар бойынша кепілдікті 5 жылға, ал қаптамалар мен шатырлар бойынша 10 жылға арттыру туралы ұсыныс енгіздік. Кепілдік мерзімі ұзарады", – деді Нағаспаев.
БАҚ өкілдері министрге қайғылы оқиға орын алғанын еске салып, жақын уақытта ғимараттардың апатты жағдайын анықтау мақсатында тексерулер жүргізіле ме деп сұрады.
"Өкінішке қарай, сапаны тексеру функциясы министрліктің құзыретіне кірмейді. Бұл – әкімдіктердің міндеті... Мұнда өкілеттіктерді нақты ажырату керек", – деді министр.
Еске салсақ, Астанада қаптама құлауы салдарынан жарақат алған 23 жастағы фельдшер қайтыс болған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript