Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды

Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2025 20:39 Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе облысында Экойл жанармай стансасынан Қызылорда облысының шекарасына дейін, ал Павлодар облысында Павлодар қаласынан РФ шекарасына дейін жол жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысы

2025 жылғы 2 желтоқсан сағат 19:30- да ауа райының бұзылуына байланысты "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесінде (Экойл жанармай стансасы — Қызылорда облысының шекарасы) жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 3 желтоқсан сағат 05:00-де ашу жоспарланған.

Павлодар облысы

Сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Павлодар – Шарбақты – РФ шекарасы (Шарбақты ө/п)" автожолының 0-112 шақырым аралығындағы учаскесінде (Павлодар қаласынан – РФ шекарасына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 3 желтоқсан күні сағат 07:00-де ашу жоспарланған.

Сонымен қатар бірқатар облыста жол қозғалысы жанданды.

Ақтөбе облысы

Сағат 18:30-да республикалық маңызы бар "Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ" автожолының 83-0 шақырым аралығындағы учаскесінде (Т.Жүргенов ауылы – Қарабұтақ елді мекені) бір бағыт бойынша көлік қозғалысы ашылды.

Сағат 19:30-да келесі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысы ашылды.

Ақтөбе облысы

"Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ" автожолының 0-234 шақырым аралығындағы учаскесі (Қарабұтақ елді мекенінен – Қостанай облысының шекарасына дейін);

Қостанай облысы

"Қостанай – Рудный – Денисовка — Комсомольское – Қарабұтақ" автожолының 234-309 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе обл. шекарасынан – Адаевка ауылына дейін),

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: