Ақмарал Әлназарова ұшақтағы видео туралы: Ақталуға міндетті емеспін

Акмарал Альназарова , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2025 16:12 Фото: primeminister.kz
Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 2025 жылғы 3 желтоқсанда Мәжіліс кулуарында ұшақ бортында жолаушыға көмек көрсеткен видеосына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Астана – Алматы бағытындағы ұшақта денсаулық сақтау министрінің жолаушыға көмек көрсеткені туралы оқиға кең талқыланып жатыр.

"Мен бірінші рет көмек көрсетіп тұрған жоқпын, бірақ мұның алғаш рет әлеуметтік желіде таралуы. Жолаушының қан қысымы көтерілген, құсу болды. Ұшақта "дәрігер бар ма?" деп сұраған соң, әрине, көмектесуге жүгіріп бардым. Менің ойымша, кез келген медицина қызметкері дәл осылай істейтін еді", – деді Әлназарова.

Видео желіде тез таралып, пікірлердің барлығы бірдей оң болмады – кейбір қолданушылар бұл әрекетті министрдің PR-қадамы деп бағалады.

"Мен әр адамның пікіріне әсер ете алмаймын деп ойлаймын. Маған маңызды болғаны – өз борышымды орындадым. Бұл жерде ешкімнің алдында ақталу міндетім жоқ", – деп жауап берді министр.

Бұған дейін біз Денсаулық сақтау министрінің ұшақта жолаушыны құтқарып қалғаны туралы жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: