Қостанайда науқастың өлімінен кейін мас күйде ота жасады деген күдікке іліккен хирург тексеріліп жатыр
Фото: Zakon.kz
Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 2025 жылдың 7 қазанында Үкіметтегі брифингте Қостанай облысында науқастың қайтыс болуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Қостанай облысында операция кезінде пациент көз жұмған. Ал хирургтың жұмыс кезінде алкогольдік мас күйінде болғаны жөнінде күдік бар.
"Қазір оқиға орнына Фармация комитетінің аймақтық департаменті шықты. Тексеру қорытындысы бойынша қосымша ақпарат береміз. Облыстық ішкі істер департаменті тиісті қылмыстық іс қозғады. Полиция әзірге толық мәлімет таратпай отыр, бірақ біз өз тарапымыздан маман жібердік", – деді министр.
Айта кетейік, бұған дейін, 2025 жылдың 16 қыркүйегінде, қазақстандық әйел дәрігерлік қателік үшін миллиондаған өтемақы өндіруге қол жеткізгені хабарланған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript