ДСМ Қызылордада босанған әйелдің ВИЧ індетін жұқтыру оқиғасына қатысты түсініктеме берді

Акмарал Альназарова , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2025 16:21 Фото: primeminister.kz
2025 жылдың 27 қаңтарында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қызылордалық әйелге қан құйылғаннан кейін ВИЧ індетін жұқтырғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Қызылордадағы облыстық перинаталдық орталықта босанғаннан кейін ауыр жағдайда түскен әйелге 12 донор қан құйылғаны туралы ақпарат пайда болған. Бір айдан кейін оның ВИЧ індеті бар екені расталды. Хабарламада осыдан кейін олар тергеу жүргізбегені айтылған.

Ақмарал Әлназарова бұл іске қатысты түсініктеме беріп, оның Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында екенін атап өтті.

"Тиісті тергеу жүріп жатыр. Ешкім жауапқа тартылған жоқ деп айта алмаймыз", – деп қосты министр.

Бұған дейін Қазақстанда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілетіні белгілі болған еді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: