4 желтоқсанда Қазақстанның қай қалаларында көшеге шықпаған дұрыс: тізім мен себеп

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2025 09:47 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанның бес қаласында бүгін қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" мамандары хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Гидрометорталықтың сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес:

"2025 жылғы 4 желтоқсанда Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жезқазған қалаларында, сондай-ақ түнде Қостанай қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі".

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – бұл қысқа мерзімді табиғи құбылыстардың (тынық ауа, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Олар зиянды заттардың жерге жақын ауа қабатында жиналуына әсер етеді.

Мұндай жағдайда тұрғындарға далада болу уақытын қысқарту ұсынылады, әсіресе автожолдар маңында немесе ластану көзі бар жерлерде. Ал өкпенің созылмалы аурулары бар, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиялық сырқаттардан зардап шегетін адамдарға сыртқа шыққанда қажетті дәрілерін өзімен бірге алып жүру қажет.

Бұған дейін синоптиктер 4 желтоқсанға күрделі ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: