Жеке клиникада МӘМС бойынша медициналық қызметтерді қалай алуға болады

Врач, врачи, доктор, доктора, прием у врача, осмотр врача, осмотр у врача, пациент, пациенты, больница, поликлиника, медицинское учреждение, медучреждение, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2025 14:55 Фото: freepik
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2025 жылғы 5 желтоқсанда жеке клиникаларда МӘМС бойынша медициналық қызметтерді алу мүмкіндігін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фонд келесідей мәлімдеме жасады:

"Бұл мүмкіндік әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін әзірлеу кезінде бастапқыдан қарастырылған және бүгінгі күнге дейін қолданыста".

Ол қалай жұмыс істейді?

Қызмет көрсететін емхана өз пациентіне МӘМС жүйесінде жұмыс істейтін кез келген клиникаға жолдама бере алады. Бұл жағдайда пациент медициналық қызмет үшін ақы төлемейді. Себебі көрсетілген қызметті қаржыландыру Қор тарапынан қосалқы орындау шарты аясында жүргізіледі.

Қай кезде қолданылуы мүмкін?

Егер қызмет көрсететін емханада белгілі бір консультацияны алуға қажетті профильді дәрігер болмаса немесе белгілі бір диагностикалық қызметті өткізуге арналған жабдық жетіспесе, пациентті басқа клиникаға жібереді.

Мысалы, бірқатар алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында тіркелген халық саны аз болғандықтан, кейбір тар бейінді дәрігерлер (мысалы, пульмонолог, аллерголог, ангиохирург) болмауы мүмкін немесе УДЗ, рентген аппараттары жоқ. Осындай қызметтер пациенттерге қажет болған жағдайда, оларды емхана қосалқы орындау туралы келісімшарт жасасқан клиникаға жібереді.

Сонымен қатар, емханада қажетті мамандар мен жабдық болғанымен, жазылу бір айға толып қалған жағдайлар да кездеседі. Сондай-ақ қажет маман еңбек демалысында болса немесе жабдық уақытша істен шықса осы механизм қолданылады. Мұндай жағдайда пациент қажетті медициналық қызметті алу үшін басқа клиникаға, оның ішінде жеке клиникаға жолдама сұрауға құқылы.

Маңызды: Жолдама тек Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жеткізушілер базасында тіркелген жеке клиникаларға ғана беріледі.

Бұл ретте пациенттің емханасы мен аталған клиника арасында қосалқы орындау шартының бар-жоғы маңызды емес. Себебі жолдама жасалған кезде ол ақпараттық жүйеде автоматты түрде қалыптастырылады.

Жеке клиникада пациенттер тек консультация алып немесе диагностикалық процедуралардан өтіп қана қоймай, күндізгі немесе тәуліктік стационар жағдайында, оның ішінде МӘМС шеңберіне кіретін әртүрлі операцияларды жасау үшін де ем қабылдай алады.

Құқықтарды қорғау

"Егер пациент қажетті медициналық қызметке жолдама ала алмаса, ол емхана жанындағы Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне жүгіне алады. Оң шешім болмаған жағдайда, бұл факті бойынша тексеру жүргізу үшін Қорға ресми өтініш жолдауға болады",- деп мәлімдеді ӘМСҚ баспасөз қызметі.

Қор атап өткендей, кез келген консультациялық-диагностикалық қызметті пациентке емдеуші дәрігер тағайындайды. Ол пациенттің жағдайын зерттеп, шағымдары мен байқалатын белгілерін бағалайды. Тек тиісті көрсетілімдер болған кезде ғана зертханалық және аспаптық зерттеулерге немесе профильді маманның консультациясына жолдама береді.

Сондай-ақ, ведомство МӘМС бойынша қызмет алу үшін сақтандырылған болу қажет екенін еске салды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: