6 желтоқсанда елдің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер 2025 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен ауа райының қауіпті құбылыстары жөнінде болжам ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжамға қарағанда, елдің барлық өңірінде ауа райы қолайсыз болады.
"Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, боран, көктайғақ болып, жел күшейеді", - деді "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Сондай-ақ республика бойынша тұман түседі.
Еске салайық, бұған дейін "Қазгидромет" РМК 2025 жылғы 6, 7 және 8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялаған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript