Алматылықтарға жылу мен ыстық суға есепшоттар бойынша маңызды ескерту жасалды

Налоги, пошлины, калькулятор, коммунальные услуги, квитанция, квитанции, налогообложение, налог, платеж, платежи, оплата, коммунальные услуги, коммунальные платежи, коммуналка, квартплата, коммунальный платеж, жилищно-коммунальные услуги, повышение тарифов за коммунальные услуги, долг за коммунальные услуги, задолженность за квартплату, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2025 11:15 Фото: freepik
Алматыда жылу және ыстық суға қарыздары бар абоненттер үшін өсімпұлды есептен шығару және шоттарды ашу мүмкіндігі тек 2025 жылдың соңына дейін қолданылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 8 желтоқсанда "Алматылық жылу желілері" (АлТС) ЖШС хабарлады:

"Алматылық жылу желілері жылу және ыстық су үшін қарыздары бар тұтынушыларға өсімпұл есептелмей қарызды өтеу акциясының аяқталатынын еске салады. Акцияның әрекет ету мерзімі шектеулі және 2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады".

Акция басталғалы бері 1744 борышкер өсімпұл есептен шығару мүмкіндігін пайдаланған.

Акция мынадай жеңілдіктер береді:

  • өсімпұл сомасын үнемдеу;
  • мүлікке салынған шектеулер мен тәркілеуді алып тастау;
  • санкциялар қолданылған борышкерлердің банк шоттарын ашу.

Борышкерлер қажетті құжаттар туралы ақпаратты АлТС анықтамалық қызметіне хабарласып ала алады:

  • телефон: 341-07-77;
  • WhatsApp: +7 (701) 027-11-20 (тек хабарламаларды қабылдайды);
  • электрондық пошта: info@alts.kz;
  • немесе тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарының біріне барып.

Компанияның түсіндіруінше, өсімпұл есептен шығару тек жылу мен ыстық суға толық қарызды өтеу кезінде ғана мүмкін.

"Қарыз төленбеген жағдайда борышкерлер жылумен қамту қызметінен ажыратылып, қарыз сомасы сот арқылы өндірілетін болады", – деп түйіндеді АлТС.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: