ШҚО-да полиция жол ережесін бұзған мыңнан астам жүргізушіні анықтады

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2025 09:17 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және апаттың алдын алу мақсатында облыс аумағында ШҚО полиция департаментінің аумақтық бөлімшелері "Қауіпті жүргізуші" жедел профилактикалық іс-шарасын жүргізуде.

Жеті күн ішінде полицейлер 1500-ден астам жол жүрісі қағидаларын бұзу дерегін анықтады, оның ішінде жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін өрескел фактілер де бар.

Көлік құралын масаң күйде басқарған жүргізушілер де анықталды. Рейд қорытындысы бойынша масаң күйде болған 30 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Көлік құралдарының техникалық жай-күйін және олардың заңды пайдаланылуын бақылау аясында полицейлер 130 автокөлікті пайдаланудан шығарып, 59 техника арнайы тұрақтарға қойылды.

Жедел профилактикалық іс-шара 14 желтоқсанға дейін жалғасады. Полиция жол жүру қағидаларын қатаң сақтап, құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: