Жетісу облысында қауіпті қалдықтарды мектептер мен балабақшаларда сақтап келген

Школьная столовая, школьные повара, еда в школе, школьный буфет, питание в школах, питание в школе, школьное питание, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2025 10:23 Фото: Zakon.kz
Жетісу облысы Алакөл ауданының прокуратурасы білім беру мекемелерінде қауіпті қалдықтарды пайдалану, сақтау және кәдеге жаратуда санитарлық талаптардың сақталамағанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство 3500-ге тарта оқушы мен қызметкердің денсаулығына тікелей қауіп төндірген заңбұзушылықтардың толығымен жойылғанын атап өтті.

Санитарлық қағидаларға сәйкес, істен шыққан сынапты лампалар оқушылар қол жеткізе алмайтын жеке бөлмеде сақталуы керек, оларды қоқыс жәшіктеріне тастауға жол берілмейді. Талдау барысында бірқатар мектептер мен мемлекеттік балабақшаларда 436 дана істен шыққан сынапты лампа ұзақ уақыт бойы қарастырылмаған орындарда: қоймалар мен жертөлелерде сақталғаны анықталды.

Таратылған ақпарға сүйенсек, бұл әрекеттер оқушылар мен қызметкерлердің денсаулығына тікелей қауіп төндірді.

"Қадағалау актісінің қаралу нәтижесінде анықталған заңбұзушылықтар толығымен жойылды: қауіпті қалдықтар белгіленген тәртіппен шығарылды",- делінген ақпаратта.

Осылайша, 3 458 азаматтың, оның ішінде 2 947 оқушының және 511 қызметкердің құқықтары қорғалды.

Бұған дейін БҚО әкімі өзінің резиденцияда тұрып жатқаны туралы сыбысқа қатысты пікір білдірген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: