Ақмола облысында 82 млн теңгеге жер мемлекетке қайтарылды

Земельный участок, земельные участки, земля, землевладение, участок земли, участки земли, территория, территории, земельная доля, стоимость земли, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2026 10:41 Фото: freepik
Сандықтау ауданының прокуратурасы ауыл шаруашылығы жерлерін уақытша пайдалану конкурсының қорытындыларын талдау барысында заңбұзушылықтар анықтады.

Атап айтқанда, конкурс қорытындылары үш кезеңде шығарылған, ал қолданыстағы заңнама бойынша олар конкурс өткізілгеннен кейінгі күні жариялануы тиіс. Бұл рәсімдердің бұзылуы конкурстың ашықтығы мен әділдігіне теріс әсер еткен.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде сот 7 жалдау шартын жарамсыз деп таныды.

Нәтижесінде мемлекет меншігіне жалпы ауданы 1 400 гектар, құны 82 млн теңге болатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері қайтарылды.

Сонымен қатар, кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тиісті шаралар қолданылды.

Прокуратураның бұл қадамы жер ресурстарын заңға сәйкес пайдалану мен мемлекеттік мүддені қорғау бағытындағы жұмыстардың бірі болып отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: