Жетісу облысында медициналық қалдықтарды заңсыз жойған

Жетісу облысында прокурорлар медициналық қалдықтарды заңсыз жою фактілерін анықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2024 16:51 Сурет: Zakon.kz
Жетісу облысында прокурорлар медициналық қалдықтарды заңсыз жою фактілерін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Талдықорған қаласындағы емдеу мекемелерінің бірінің "Г" санатындағы (токсикологиялық, оның ішінде құрамында сынап бар қалдықтар) қауіпті қалдықтарын осы қызметке заңды негізі жоқ "M" мердігер ұйым кәдеге жаратқан.

Прокурорлар жеке кәсіпкердің қалдықтардың осы түрін кәдеге жарату құқығын беретін жалған мемлекеттік лицензияны пайдаланғанын анықтады.

Прокурорлар қозғаған қылмыстық іс бойынша кінәлі адам жалған құжат жасағаны және көрінеу жалған құжат пайдаланғаны үшін сот үкімімен сотталды (ҚР Қылмыстық кодекстің 385-бабының 1-бөлігі және 3-бөлігі).

Үкім заңды күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: