Жетісу облысында медициналық қалдықтарды заңсыз жою дерегі анықтады

Жетісу облысы прокурорлары медициналық қалдықтарды заңсыз жою дерегін анықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2023 16:54 Сурет: pixabay
Қаратал ауданы прокуратурасымен табиғат қорғау заңнамасының сақталуына жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша "А, Б" санаттарындағы адам өмірі мен қоршаған ортаға қауіпті медициналық қалдықтарды зарасыздандыру және жою кезінде ереже талаптары сақталмағандығы анықталды.

Бұл заңбұзушылықтар, Бастөбе ауылдық округіндегі қатты тұрмыстық қалдықтарды сақтау полигоны маңында тіркелді.

Осы жерде Алматы мен Жетісу облыстарының денсаулық сақтау мекемелерінің медициналық қалдықтарын төгу және заңсыз жинау жүргізілген.

Табиғатты қорғау заңнамасына сәйкес, медициналық қалдықтарды полигонда зарасыздандыруға тиым салынған және ол үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған (344 бап ҚР ӘҚБтК).

Қатысы бар тұлғаларды анықтау және оларға қатысты процессуалдық шешім қабылдау үшін аталған дерек Қаратал ауданының полиция бөлімінде тіркелді. Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: