Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында заңсыз салынып жатқан 19 нысан анықталды

Заңсыз құрылыс, заңсыз нысан, Алматы облысы, прокуратура, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2023 11:26 Сурет: Алматы облысы прокуратурасы
Алматы облысының прокурорлары облыс аумағында көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің және коммерциялық объектілердің құрылысына талдау жүргізді. Талдау нәтижелері бойынша құрылыс нормалары мен ережелерінің көптеген бұзушылықтары анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңір прокуратурасының мәліметінше,  Қонаев қаласы, Қарасай және Талғар аудандарында 19 нысан бойынша қабылданған шаралармен заңсыз алынған бастапқы материалдар кері қайтарылды, яғни құрылыс басталғанға дейін процесс тоқтатылды.

"Қонаев қаласындағы бес және Қарасай ауданындағы бір нысанға қатысты заңсыз құрылысты бастау фактілері бойынша құрылыс салушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды және уәкілетті орган рұқсат құжаттарын алу жолымен бар бұзушылықтарды жоюға бағытталған жұмыс жүргізуде", делінген Алматы облысы прокуратурасының хабарламасында.

Мысалы, құрылыс салушы Қарасай ауданының Қаскелең қаласындағы өзен арнасын заңсыз өзгертіп, "Orda Town" КТК құрылысын бастап кеткен. Қабылданған шаралар бойынша уәкілетті орган құрылысты тоқтатты, сотта заңсыз құрылысты бұзу туралы талап-арыз қаралады.

Басқа жағдайда Талғар ауданында құрылысқа рұқсат құжаттары жоқ 21 коммерциялық нысан анықталды.

"Енгізілген акт бойынша уәкілетті орган құрылыс салушыларды тиісті жауапкершілікке тартуға және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша, оның ішінде салынып жатқан объектілерді бұзу жолымен елді мекендердің құрылыс талаптары мен құрылыс салу жоспарларына сәйкес келмейтін жұмыстарды жүргізуге бағдарланған", делінген ведомство хабарламасында.

Мысалы, Бесағаш кентінде Алматы-Қорғас негізгі тас жолының бойында жеке тұлға сауда орталығының құрылысын бастады.

Уәкілетті органдардың мәліметтеріне сәйкес, аталған құрылыс тиісті жобалау құжаттарынсыз, сондай-ақ құрылыс бақылауы саласындағы органның рұқсатынсыз басталды. Қазіргі уақытта уәкілетті орган құрылыс салушы құрылыс және рұқсат беру құжаттамасын заң нормаларына сәйкес келтіргенге дейін құрылысты тоқтата тұру жөнінде шаралар қабылдады. Объект қолданыстағы нормаларға сәйкес келмеген жағдайда аталған құрылысты бұзу мәселесі шешілетін болады.

Бұдан басқа, прокуратура актісі бойынша 3 жер учаскесінің нысаналы мақсатындағы заңсыз өзгерістерді сәйкестендіру және заңсыз берілген 48 учаскені тұрғын үй кешендерінің құрылысына қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Экологиялық қорытындысыз құрылыс фактілері бойынша облыстың 3 ауданының және Қонаев қаласының 26 құрылыс салушысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды (9 млн теңгеден астам айыппұл сомасы).

Аталған бұзушылықтардан басқа облыстың құрылыс салушылары уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз үлескерлердің қаражатын тартуды жалғастыруда.

Талдаумен барлығы осындай 23 тұрғын үй кешені анықталды (Қонаев қаласында 9 объект, Қарасай ауданында 5, Талғар ауданында 8, Іле ауданында 1 объект), құрылыс салушыларға қатысты сотта олардың әкімшілік жауаптылығы мәселесі қаралуда.

Аталған бұзушылықтарға назар аудара отырып, облыс прокуратурасы салынып жатқан объектіден тұрғын үй сатып алғысы келетін азаматтарға "үлестік құрылыс туралы" заңнаманың негізгі нормалары туралы түсіндіреді.

Сонымен, прокуратура құрылыс компаниясын таңдағанда бірқатар құқық белгілейтін мынандай құжаттарға назар аудару қажеттігін ескертеді:

  1. Үй салынып жатқан жер учаскесіне меншік құқығы құрылыс салушының компаниясында тіркелуі керек.
  2. Сондай-ақ, құрылыс салушының мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамасы және уәкілетті органның құрылысқа рұқсаты болуы тиіс.
  3. Негізгі құжат - бұл жергілікті атқарушы органның қаулысы түріндегі үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат.
  4. Аталған құжаттардың болуы сатып алушының құқықтарын одан әрі қорғауға және салынған ақша қаражатының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне назар аударамыз.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: