Алматыда заңсыз салынып жатқан үш тұрғын үй кешені анықталды
Ведомствоның мәліметінше, келесі тұрғын үй кешендерінің құрылысқа қажетті толық құжаттар пакеті жоқ:
- ORDA CITY тұрғын үй кешені;
Теректі ы/а, Айналмалы көш., 183. Тапсырыс беруші: Investment Stroy ЖШС. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарлама және жоба алдындағы құжаттамасы жоқ, учаскені пайдалану мақсаты - ЖТҮҚ.
Басқарма құрылыс салушыға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 316-бабы 1-бөлігі, 321-бабы бойынша шаралар қабылдап, құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарды, сонымен қатар Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына қазаншұңқырды бұзу және қайта толтыру туралы талап арыз жолдады.
- Dostar Deluxe тұрғын үй кешені;
Мәдениет ш/а, 185/8. Тапсырыс беруші: ИП "Ашинов".
Эскиздік жобасы келісілмеген, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарлама жоқ. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 316-бабының 1-бөлігі, 321-бабы бойынша шара қабылданды.
- Verona тұрғын үй кешені;
Ремизовка ш/а, 7-жол, 71 учаске. Тапсырыс беруші: 5 жеке тұлға.
Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы туралы хабарлама және жоба алдындағы құжаттамасы жоқ.
Алматының қала құрылысын басқару басқармасы сонымен бірге жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын қала құрылысын бақылау басқармасының +7 (727) 229-81-36 сенім телефонына хабарласып, салынып жатқан тұрғын үй кешендеріндегі құжаттардың толық пакетін тексеруді ұсынды.