Түркістанда Ясауидің "Диуани Хикмет" кітабының көне қолжазбасы табылды

Түркістанда Ясауидің "Диуани Хикмет" кітабының көне қолжазбасы табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2025 23:02 Сурет: ТОӘБҚ
Түркістан облысы Сауран өңірінде Ясауидің 2 ғасыр бұрын жазылған хикмет топтамасы табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғалымдардың айтуынша, қолжазба 1834 жылы жазылған. Қазіргі таңда бұл хикмет жинақтың еліміздегі ең көне қолжазбасы болып тұр.

Құнды жәдігер "Әзірет Сұлтан" Ұлттық тарихи-мәдени музейіне тапсырылды. Бұл жайлы "Ясауитану" ғылыми орталығының басшысы Сайпулла Моллақанағатұлы айтты, деп жазды Otyrar.kz.

"Аталған қолжазбаға саурандық Еркін Сапаровтың бастамасымен қол жеткіздік. Бірнеше көне кітап Еркін ақсақалдың туысы Әлімжан Рамазанұлының шаңырағында бабалардан мұра болып сақталып келген. Нәтижесінде жалпы саны 17 қолжазба мен сирек кітаптар алдық. Солардың ішінде бір қолжазбаның Қожа Ахмет Ясауидің хикметтер жинағы екендігі анықталып отыр. Кітаптың қағазы қалың әрі мұқабасында таңбасы бар. Қолжазба араб-парсы тілдерінде шағатай дәстүріне сай жазылған. Жалпы саны 120 хикметтен тұратын қолжазбаның 39-ы бұрын-соңды кездеспеген" - деді Сайпулла Моллақанағатұлы.

Айта кетейік, "Ясауитану" ғылыми орталығы 2025 жылы "Әзірет Сұлтан" ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының базасында құрылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: