Жаңа алаяқтық схемасы туралы Қазақстан азаматтарына Бас прокуратура ескертті
Фото: unsplash
ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жүргізу комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлерді болжау және қоғамдық қауіпсіздік орталығы азаматтарды жаңа алаяқтық схемасы туралы ескертті: құрбандар өздері байланысқа шығуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
2025 жылғы 12 желтоқсанда таратылған ақпаратқа сәйкес, шетелдік деректерге сүйенсек, алаяқтар жаңа шабуылдар толқынын іске қосқан. Олар жеткізу қызметтері, басқарушы компаниялар мен банктер атынан хаттар мен SMS-хабарламалар жібереді.
""Авторизацияда қате", "домофонды ауыстыру" немесе "счетчиктерді тексеру" деген сылтау арқылы қылмыскерлер адамдарды өздері қайта қоңырау шалуына мәжбүрлейді. Нәтижесінде ешнәрсе сезбеген азаматтар әлеуметтік инженерия құралдарын қолдануға мүмкіндік туғызады", – делінген хабарламада.
Қазақстан азаматтарына ұсынылатын ережелер:
- Белгісіз хабарламалар мен қоңырауларға сақтықпен қарау, сыншыл көзқарас ұстау;
- Қайта қоңырау тек ұйымдардың ресми сайтында көрсетілген нөмірлерге шалу;
- Екі факторлы аутентификацияны пайдалану;
- Банктік карталар деректері, SMS-тен алынатын бірреттік кодтар және кез келген басқа құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеу.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан азаматтарына қауіпті хаттар мен қоңыраулар туралы ескерту жасалған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript