Алматыда интернет арқылы үй жалдаушыларды алдаған күдікті ұсталды
Сурет: unsplash
Алматының Бостандық ауданында полицейлер танымал жарнама сайттарында жалған пәтерлерді жалға ұсынып, азаматтарды алдап келген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тергеу мәліметінше, ол шын мәнінде жоқ пәтерлерді жалға беремін деп, тұрғындардан толық төлем немесе алдын ала ақы алған. Алайда оның атында ешқандай жылжымайтын мүлік болмаған.
"Интернет арқылы пәтер жалдау кезінде жасалатын кибералаяқтық – кең таралған құбылыс. Олар азаматтардың танымал платформаларға деген сенімін және тез шешім қабылдауға мәжбүр жағдайын пайдаланады. Негізгі тәсілдеріне — нақты хабарландыруларды көшіріп, алдын ала төлем сұрау. Сондықтан азаматтарға сақтық танытып, пәтерді көрмей және келісімшартқа қол қоймай тұрып ақша аудармауды, жалға берушінің құжаттарын мұқият тексеруді, тым арзан бағаға немесе жаңа күмәнді аккаунттарға сенбеуді ұсынамыз". Бостандық аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Денис Лоскутов
Қазіргі уақытта аталған факт бойынша барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда әлеуметтік желіде тыйым салынған жарнаманы таратқан әйел ұсталғанын хабарлаған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript