Алматыда алаяқтықтың 30 дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды

Задержание, арест, наручники, задержанный, арестованный, преступник, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2025 16:49 Фото: pexels
Алматы қаласы Алмалы ауданының полиция қызметкерлері интернет-платформаларда жалған хабарландырулар орналастыру арқылы азаматтарды алдап келген 18 жастағы күдіктіні ұстады.

Тергеу мәліметінше, ол шын мәнінде жоқ пәтерлерді жалға беру туралы ойдан шығарылған ұсыныстарды жариялап, тұрғындардан алдын ала төлем, кейбір жағдайларда тіпті толық жалдау ақысын да алған.

Бүгінде полицейлер оның заңға қайшы әрекеттерінің шамамен 30 эпизодын анықтады. Қазіргі уақытта күдіктінің өзге де ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

"Күдікті жолға қойылған схема арқылы әрекет етіп, азаматтардың сенімін теріс пайдаланған. Біз жәбірленушілердің толық шеңберін анықтау бағытында жедел іс-шараларды жалғастырып жатырмыз. Қала тұрғындарын онлайн мәмілелер жасағанда, әсіресе пәтер жалдауға қатысты келісімдерде аса мұқият болуға шақырамыз", – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: