Астанада бірнеше алаяқтыққа қатысы бар күдікті анықталды

Задержание, арест, наручники, задержанный, арестованный, преступник, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2025 16:56 Фото: freepik
Астана қаласында полиция қызметкерлері азаматтарды алдап, ірі көлемде залал келтірген 34 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу мәліметінше, күдікті Toyota Estima көлігін бөліп төлеу арқылы сатып аламын деп жәбірленушінің сеніміне кірген. Ол көлікті заңсыз иемденіп, кейін үшінші тұлғаға сатып жіберген.

Келтірілген материалдық шығын – 6 млн теңге.

Сонымен қатар анықталғандай, бұл азаматтың әрекеті осындай сипаттағы 5 эпизодтан тұрады.

Әрбір жағдайда ол азаматтардың сенімін теріс пайдаланып, ірі көлемде пайда табуды көздеген.

"Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің іс-әрекеттеріне заңға сәйкес баға беріліп, тиісті шара қабылданатын болады",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Алматыда көші-қон үдерістерін реттеу қолға алынатындығын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: