Астанада алаяқтықтың 50-ден астам дерегіне қатысы бар күдікті құрықталды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, участок полиции , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2025 12:44 Фото: Zakon.kz
Есіл аудандық криминалдық полиция қызметкерлері "Қылмысты тоқтату" жедел алдын алу іс-шарасы барысында азаматтарды алдап келген 35 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдіктінің Instagram желісі арқылы шет елге оқуға жіберу қызметімен айналысатыны жөнінде жарнама таратқаны мәлім болды.

Ол алдымен дайындық курстарын оқыту орталығына адамдарды шақырып, курсты аяқтаған соң, басқа елге оқуға жіберемін деп уәде берген.

Жәбірленушілер алдын ала төлем жасап, ақшаларын алаяқтың шотына аударған. Алайда кейін уәде етілген қызметтер көрсетілмей, байланыс үзіліп, ақша қайтарылмаған.

Нәтижесінде күдікті 2 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Тергеу барысында оның тағы 52 ұқсас эпизодқа қатысы бары анықталды.

Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жалғасуда, күдікті өз кінәсін мойындады.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды алаяқтық әрекеттерден сақ болуға шақырып, күмәнді ақпараттар мен алаяқтықтың құрбаны болған жағдайда бірден полицияға хабарласуды сұрайды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: