Оралда ер адам жалған ақшаны пайдаланып, тауар сатып алып жүрген

Оралда ер адам жалған ақшаны пайдаланып, тауар сатып алып жүрген, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2025 18:24 Сурет: polisia.kz
Батыс Қазақстан облысында жалған ақшаны пайдаланып, тауар сатып алып жүрген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оралда сувенирлік купюраларды пайдалану арқылы жасалған көпэпизодты алаяқтық фактісі анықталды.

"Тексеру барысында қазан-қараша айлары аралығында күдіктінің номиналы 5 000, 10 000 және 20 000 теңге болатын, сыртқы түрі түпнұсқа банкноталарға ұқсас сувенирлік купюралармен дүкендерде тауар сатып алып, азаматтарды алдағаны белгілі болды. Мұндай әрекеттер күдіктінің сатушыларды шатастырып, заңсыз пайда табуына мүмкіндік берген", - деп хабарлады полиция.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Полиция азаматтарды қолма-қол ақша қабылдау кезінде сақ болуға шақырады: банкноталардың қорғаныш элементтерін мұқият тексеріңіз; қағаздың сапасы, бояуы, бедері және су белгілеріне назар аударыңыз; жасанды немесе күмәнді купюраларды анықтаған жағдайда «102» нөміріне хабарласыңыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: