Алматыда ер адам тамақтану орнынан касса жәшігін ұрлап кеткен

Алматыда ер адам тамақтану орнынан касса жәшігін ұрлап кеткен, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2025 19:38 Сурет: polisia.kz
Алматыда тамақтану орнынан касса жәшігін қолды еткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері ақпарат бойынша жедел әрекет етіп, нысанға заңсыз кіріп, қаражатты қолды еткен күдіктіні анықтап, ұстады.

"Біз әрбір осындай дерекке дереу әрекет етіп, құқық бұзушыларды анықтап, аудан тұрғындары мен кәсіпкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Кез келген ұрлық әрекеті заң аясында және толық көлемде қатаң түрде тоқтатылады. Күдікті ұсталғаннан кейін барлық қажетті тергеу шарасы жүргізіледі. Полиция азаматтарды кез келген күмәнді жағдай туралы дереу хабарлауға шақырады және уақтылы жүгіну қылмыстарды жедел ашуға үлкен ықпал ететінін еске салады", - деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда интернет арқылы үй жалдаушыларды алдаған күдікті ұсталғанын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: