Алматыда жыл басынан бері 600 есірткі қылмысы анықталды
Сурет: polisia.kz
Алматыда полиция есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтті, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматыда жыл басынан бері шамамен 600 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 260-тан астамы тыйым салынған заттарды сатуымен байланысты.
440-тан астам адам, соның ішінде 28 шетелдік азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
"Біз есірткі қылмысының барлық түрін тіркеп отырамыз. Соның ішінде жасырын қоймалар мен электронды төлемдер арқылы жүзеге асатын байланыссыз тарату тәсілдері де бар. Есептік кезеңде 91 есірткіні жасырын қойып кетуші ұсталды. Сонымен қатар синтетикалық есірткі дайындайтын екі зертхана жойылып, олардан қомақты сомаға бағаланатын жабдықтар мен прекурсорлар тәркіленді", - деді Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
Қаржы ұйымдарымен бірлескен жұмыстың нәтижесінде 1,5 мыңнан астам банк картасы және 1 мыңнан аса криптәмиян бұғатталды. Заңсыз айналыммен байланысты қаржы операциялары тоқтатылып, жалпы көлемі 68 миллион теңгеден асатын қаражаттың жолы кесілді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript