ШҚО-да ауа райының қолайсыздығынан адамдар отырған шағын автобус жолда тұрып қалды

ШҚО-да ауа райының қолайсыздығынан адамдар отырған шағын автобус жолда тұрып қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2025 14:41 Сурет: видео скрині
Шығыс Қазақстан облысында полиция Өскеменнен Семейге бара жатқан жолда қалып қойған 9 жолаушыға көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ мәліметінше, жолаушылар отырған "ГАЗель" көлігі Өскемен – Семей автожолының 64-шақырымында жол жиегіне шығып кетіп, тұрып қалған.

"Шағын автобустың ішінде 9 жолаушы болды. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, көлікті қайтадан жол бөлігіне шығаруға көмектесті. Алайда техникалық ақауға байланысты шағын автобус әрі қарай жолға шыға алмады", - делінген 2025 жылғы 13 желтоқсандағы хабарламада.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жолаушылармен бірге оқиға орнында қалып, олардың ары қарай жүруін ұйымдастыруға көмек көрсетіп жатыр. Жағдай полицияның бақылауында.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: