Түркістандық полицейлер боранды күні жолда қалған 60 көлікке көмек көрсетті
Фото: polisia.kz
Түркістан облысында полиция боранды күні таулы аумақта жолда қалған 60 көлікке көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Созақ ауданы Екпінді-Бірлік тас жолында жол жиегіне шығып кеткен DAF маркалы ауыр жүк көліктерін полиция қызметкерлері қауіпсіз орынға шығаруға көмектесті.
"Түркістан облысының полициясы жалпы 23 жеңіл көлік пен 37 жүк көлігіне көмектесті",- делінген ақпаратта.
Кейбірінде сақшылар ұзақ жолдан келе жатқан ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне ыстық шәй мен тағам жеткізіп берді.
Бұған дейін ШҚО-да маңызы бар автожолдардың бірі жабылғаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript