2026 жылғы ҰБТ: түлектерге маңызды ақпарат

ЕНТ, тестирование, тесты, экзамены, выпускной класс, выпускники школы, национальный центр тестирования, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2025 16:40 Фото: Национальный центр тестирования
Бүгін, 2025 жылғы 15 желтоқсанда, Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) келесі жылы ҰБТ тапсыратын түлектерге маңызды ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оларға біртұтас ұлттық тестілеуді жылына 5 рет тапсыру мүмкіндігі бар екені ескертілді:

  • қаңтар, наурыз, тамыз – ақылы негізде қабылдау үшін (3 рет);
  • негізгі тестілеу (мамыр–шілде) – грант конкурсына қатысу немесе ақылы негізде қабылдау үшін 2 рет.

Кім қатыса алады?

  • Осы жылғы мектеп бітірушілер – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ;
  • Жоғары оқу орнына шартты қабылданғандар – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ;
  • Колледж бітірушілері – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ;
  • Алдынғы жылы мектеп бітірушілері – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ;
  • Шетелде білім алған Қазақстан азаматтары – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ;
  • Қазақ ұлтының шетелдік азаматтары – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ;
  • Шығармашылық мамандық студенттері, басқа мамандыққа ақылы негізде ауысқысы келетіндер – қаңтар, тамыз;
  • "Педагогикалық ғылымдар" мамандығына ақылы негізде ауысқысы келетін студенттер – қаңтар, тамыз.

2025 жылғы 12 қарашада 2026 жылы қабылдау үшін ҰБТ межелік баллдары жарияланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: