Мәскеуде пәтер бағасы күрт өсті

Дом, жилье, квартира, недвижимость, покупка дома, покупка жилья, покупка недвижимости, покупка квартиры, аренда, аренда квартиры, аренда дома, аренда жилья, съемное жилье, съемная квартира, съемный дом, продажа дома, продажа жилья, продажа квартиры, ипотека, ипотечная программа, ипотечное жилье, дом в ипотеку, квартира в ипотеку, цены на квартиры, цены на жилье, цены на дома, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2025 08:56 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Мәскеуде үй бағасы күрт өсті. Мәселен, жаңа ғимараттағы шаршы метр 800 мың рубльге дейін қымбаттады. Осылайша бір жылда тұрғын үй құны кей аудандарда 100 пайызға дейін өскен.

Санкция салдарынан елде ипотекаға үй алу қиындады, жалдамалы пәтер бағасы да шарықтаған, деп жазады qazaqstan.tv.

Мәселен, былтыр 40-50 мың рубльге жалға берілген бір бөлмелі пәтерді биыл жалға алу құны 150 мың рубльден асады.

Сондықтан Ресей астанасынан Санкт-Петербург, Қазан және Сочи қалаларына көшіп жатқандар көп. Жүргізілген зерттеуге сәйкес, мәскеуліктердің 50 пайызы қымбат баспана үшін қаладан кетуге дайын екендіктерін жеткізген.

Ресейдегі еңбек мигранттарының да саны кемігендіктен, бұл құрылыс саласына кері әсерін тигізді.

Базалық мөлшерлеменің жоғары болуы да баспана бағасына кері әсер етті. Бір жылда банктер базалық мөлшерлемені бірнеше рет көтерді. Тіпті кей банктерде ипотекалық мөлшерлеме 43 пайыздан асып кеткен. Сондықтан сатып алу қабілеті де төмендеп отыр. Элиталы үйлерде шаршы метр құны 3.5 миллион рубльге дейін барады. Мұндай баға ешқашан болмаған. Мария Атлас, сарапшы
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: