Астанада жаңажылдық шыршалардың шамы 19 желтоқсанда жағылады

Шырша, Жаңа жыл, Астана, шам, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2025 19:18 Сурет: gov.kz
Биыл Астанадағы жаңа жылдық мерекелік іс-шаралар "Ертегі Fest" бірыңғай ертегі стилінде өтеді. 19 желтоқсанда, сағат 18:00-де елорданың алты ауданында бір уақытта 40-тан астам жаңа жылдық шыршаның шамы жағылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Коньки тебу алаңдары, сырғанақтар, шағын сәулет формалары, фотоаймақтар және басқа да элементтер бойынша монтаж жұмысы желтоқсанның басында басталды. Жұмыс желтоқсанның екінші онкүндігінде кезең-кезеңімен аяқталады.

"19 желтоқсанда, сағат 18:00-де елорданың алты ауданында бір уақытта 40-тан астам жаңа жылдық шыршаның шамы жағылады. Барлық жерде – мұз айдындарында, сырғанақтарда, фотоаймақтарда және т.б. орындарда әртүрлі ойын-сауықтар бағдарламалары күтіліп отыр. Концерттік бағдарламалар барлық ірі орында сағат 17:30-дан бастап өтеді". Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Нұра ауданында Жаңа жыл шыршалары 11 жерде орнатылады. Ауданның 25 метрлік шыршасы "Астана Арена" стадионының тұрағына орнатылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін мерекелік бағдарлама мен жаңа жылдық ойын-сауық, оның ішінде коньки тебу алаңдары, сырғанақтар және фотоаймақтар дайындалды. Бұл жерде сағат 17:30-дан бастап балаларға арналған концерттік бағдарлама мен интерактивті іс-шаралар өтеді, ал шырша шамын жағу алдында дрон шоуы ұйымдастырылады.

Айта кетсек, жаңа жылда қауіпті отшашуларға қатысты әкімшілік жауапкершілік қарастырылатын болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: