Ақтөбе облысында полицейлер жоғалған әжені жедел тапты

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2025 14:08 Фото: Zakon.kz
16 желтоқсан күні кешкі уақытта Ырғыз ауданы полиция бөліміне Ырғыз аулының 73 жастағы тұрғынының із-түзсіз жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Алынған мәліметтерге сәйкес, сол күні түскі уақытта әйел адам үйінен шығып, белгісіз бағытқа бет алған, алайда қайта оралмаған.

Ауа райының қолайсыздығы мен температураның төмендеуін ескере отырып, полиция қызметкерлері дереу іздестіру жұмыстарына кірісті.

Жедел түрде іздестіру топтары құрылып, барлық полиция нарядтарына бағдарлау хабарламалары жолданды, елді мекен аумағы мен оған іргелес аумақтар толықтай тексерілді.

Жан-жақты және үйлестірілген іздестіру шараларының нәтижесінде бір сағат ішінде жоғалған егде жастағы әйел аудан орталығынан 10 шақырым қашықтықта табылды.

Ауа температурасының –18 градусқа дейін төмендеуіне қарамастан, оның өмірі мен денсаулығына қауіп төнбеген. Медициналық тексеруден өткізу және қажетті көмек көрсету мақсатында азаматша Ырғыз аудандық ауруханасына жеткізілді.

Полиция азаматтарға әсіресе егде жастағы туыстары жоғалған жағдайда, уақыт жоғалтпай дереу полицияға хабарласу қажеттігін ескертеді. Уақтылы берілген ақпарат адамның өмірін сақтап қалуға және іздестіру жұмыстарын жедел жүргізуге мүмкіндік береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: