Қарағандыда полицейлер жоғалған бүлдіршінді жедел тапты

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2025 13:22 Фото: Zakon.kz
Қарағандыда төрт жастағы баланың жоғалғаны туралы дабыл сағат 11 шамасында түсті.

Мектепке дейінгі даярлық орталығына барып жүрген баласы белгісіз бағытқа кетіп қалғанын аңғарған ата-анасы алдымен өз беттерінше іздеу жүргізген.

Алайда нәтижесіз болғандықтан, олар Жедел басқару орталығына жүгінуге мәжбүр болды. Баланы іздеу жөніндегі ақпарат кинологтарға сағат 14:01-де жеткізілді.

Уақытты тиімді пайдаланған мамандар қызметтік ит Тайгамен бірге дереу іздестіру жұмыстарына кірісті.

Жедел әрі үйлесімді іс-қимылдың арқасында небәрі жарты сағат ішінде бала көршілес ауданнан аман-есен табылды.

Табылғаннан кейін баланы медицина қызметкерлері тексеріп, оның жағдайы жақсы екеніне көз жеткізді. Осыдан соң бүлдіршін ата-анасына тапсырылды.

Кинологтардың жедел әрекеті мен кәсіби шеберлігі ықтимал қайғылы жағдайдың алдын алып, баланы уақытында отбасына қайтаруға мүмкіндік берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: