Түркістан облысында ер адамның ауласынан 40 қап насыбай табылды

Түркістан облысында ер адамның ауласынан 40 қап насыбай табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2025 18:52 Сурет: polisia.kz
Түркістан облысында полиция насыбай өндіретін заңсыз цехты анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында жергілікті тұрғынның тұрғылықты мекенжайынан насыбай өндіретін цехты анықтады.

Егде жастағы ер адамның ауласындағы сарайынан 2 000 келі болатын 40 қап насыбай өнімі мен оны дайындайтын құрылғылар табылды. Қазіргі таңда аталған дерек тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Елімізде насыбайдың денсаулыққа зиян және ұят әдеттердің бірі екені айтылып, құқық қорғау органдары тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізуде. Полиция халық арасында насыбайды тұтынудың зияны және оны сатуға тыйым салынғаны туралы құқықтық түсіндіру жұмыстарын әлі де жалғастырып жатыр", - делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: