Отандық телеарналар Түркия аумағында хабар таратады

Телевизор, телевизоры, телевидение, телевещание, ТВ, тв, телеэфир, телерадиовещание, СМИ, трансляция, центральное телевидение, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2025 09:24 Фото: unsplash
Отандық телеарналар енді Түркияның ақпараттық кеңістігінде хабар таратады. Бұл туралы Анкарада өткен кездесуде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов мәлімдеді.

Қанат Ысқақов Түркия Президенті жанындағы Коммуникациялар басқармасының басшысы Бурханеттин Дуранмен жүздесіп, Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның сәлемін жеткізді.

Кездесу барысында тараптар қазақстандық телеарналардың Түркия аумағында хабар таратуына қатысты уағдаластыққа қол жеткізді, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондай-ақ екі ел арасындағы ақпараттық ынтымақтастықты нығайту, мемлекет басшылары жүктеген міндеттерді жүйелі түрде іске асыру мәселелері талқыланды.

Вице-министрдің айтуынша, тараптар бірлескен медиа жобаларды жүзеге асыруға, соның ішінде мәдени және тарихи мұраны насихаттау, туризмді дамыту, инвестициялық әлеуетті арттыру бағытындағы ортақ жобаларды пысықтауға келісті. Бұдан бөлек, дезинформацияға қарсы іс-қимыл, ақпарат алмасуды күшейту мәселелеріне де назар аударылды.

"Ең басты мақсат – ортақ міндеттер мен түркі мемлекеттерінің біртұтас мүддесі аясында бірлескен жұмысты жалғастыру, – деді Қанат Ысқақов.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: