Армения азаматы Орал – Алматы рейсінде темекі шеккені үшін ұсталды

Армения азаматы Орал – Алматы рейсінде темекі шеккені үшін ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2025 18:51 Сурет: polisia.kz
Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне Орал – Алматы бағытындағы әуе рейсінің жолаушысы акт бойынша берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру барысында көлік полицейлері 33 жастағы Армения Республикасының азаматын анықтады.

"Ол ұшу кезінде авиациялық қауіпсіздік талаптары мен қолданыстағы тыйымды елемей, әуе кемесінің дәретханасында темекі шеккен. Жолаушының әрекеті үшін заң аясында шара қолданылды", - делінген хабарламада.

Шетелдік азамат әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері әуе кемелерінің бортында жасалған 574 құқық бұзушылықты анықтады. Қоғамдық орындарға мас күйде келу бойынша 351 факті, әуе кемесінің бортында темекі шегудің 146 фактісі тіркелген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: