Аяз бен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады

Аяз бен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2025 15:54 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 21-23 желтоқсан аралығында Алматыда ауа температурасы –7°С-қа дейін төмендейді. Астанада аяз күшейіп, –27°С-қа дейін жетеді. Ал Шымкентте күндіз температура нөлден жоғары болады.

Астана

21 желтоқсан

Көшпелі бұлтты, түнде және таңертең қар, жаяу бұрқасын.

Ауа температурасы: түнде –25…–27°С, күндіз –22…–24°С.

22 желтоқсан

Көшпелі бұлтты, кей уақытта қар, боран.

Жел екпіні кей сәттерде 20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ауа температурасы: түнде –21…–23°С, күндіз –8…–10°С.

23 желтоқсан

Көшпелі бұлтты, күндіз қар, боран.

Ауа температурасы: түнде –10…–12°С, күндіз –3…–5°С.

Алматы

21 желтоқсан

Бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (негізінен қар).

Кей уақытта тұман, көктайғақ.

Ауа температурасы: түнде –2…–4°С, күндіз +2°С.

22 желтоқсан

Көшпелі бұлтты, түнде қар.

Кей уақытта тұман, көктайғақ.

Ауа температурасы: түнде –5…–7°С, күндіз –2°С.

23 желтоқсан

Көшпелі бұлтты, күндіз қар.

Кей уақытта тұман, көктайғақ, әлсіз жел соғады.

Ауа температурасы: түнде –5…–7°С, күндіз –2°С.

Шымкент

21 желтоқсан

Көшпелі бұлтты, кей уақытта қар, көктайғақ, тұман.

Ауа температурасы: түнде –4…–6°С, күндіз –1…–3°С.

22 желтоқсан

Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Түнде тұман, көктайғақ.

Ауа температурасы: түнде –5…–7°С, күндіз +1°С.

23 желтоқсан

Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Ауа температурасы: түнде –5…–7°С, күндіз +1…+3°С.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: