Алматыда коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшеді

Қар тазалау, Астана, коммуналдық қызметтер, күшейтілген режим , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2025 19:37 Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Алматыда жаңа жылдағы мереке күндері коммуналдық қызметтердің дайындығы күшейтіледі. Бұл туралы мегаполис әкімдігінің баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұндай шешім қалалық жүйелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында қала әкімі Дархан Сатыбалды өткізген кеңес барысында қабылданды.

"31 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында мердігер ұйымдар мен мобильді бригадаларды тарта отырып, коммуналдық қызметтердің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылады. 1 қаңтарға қараған түні қаланың алаңдарында, саябақтарда, скверлерде және аулаларда тазалау жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстарға 2,7 мыңнан астам жұмысшы мен 1 мыңнан аса арнайы техника жұмылдырылады". Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қар тазалау, Астана, коммуналдық қызметтер, күшейтілген режим , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2025 19:37

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі

Сондай-ақ тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару, қоқыс жәшіктерін тазалау, су, жылу және электр энергиясының уақытылы берілуі қатаң бақылауға алынады.

"Тәулік бойы жұмыс істейтін жедел әрекет ету штабы тұрғындардың өтініштерін жедел қарап, апаттық бригадалар мен жеделсаты шаруашылығының диспетчерлік қызметтерінің жұмысын үйлестіреді. Қала әкімі атқарылатын жұмыстардың сапасына басшылардың жеке жауапкершілігін атап өтіп, штаттан тыс жағдайларға жедел ден қоюды қамтамасыз етуді тапсырды".

Дархан Сатыбалды, Алматы, коммуналдық қызметтер, күшейтілген режим, кеңес, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2025 19:37

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі

Бұған дейін синоптиктер 2025 жылғы 23-25 желтоқсан аралығында еліміздің үш ірі қаласында ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөліскен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: