Алматы әкімдігі Жаңа жыл мерекесіне арналған жедел қызметтердің телефон нөмірлерін жариялады

Алматы, Алматинская телебашня, телевизионная и радиовещательная башня, Кок-Тобе, Кок Тобе, зима в Алматы, снег в Алматы, виды Алматы, город Алматы, виды города Алматы, пейзаж Алматы, Алматинский пейзаж, панорама Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.12.2025 10:16 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Жаңа жылдағы мереке күндері Алматының коммуналдық және апаттық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мереке күндері, 2026 жылы 1-4 қаңтар аралығында, Алматы қаласының коммуналдық, апаттық және жедел қызметі күшейтілген режимде жұмыс істейді. Бұл шаралар инженерлік инфрақұрылымның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және төтенше жағдайда жедел әрекет ету мақсатында қабылданды.

Мереке күндері жылу, су, электр және газбен жабдықтау, жеделсаты шаруашылығы, көше және аулаішілік жарықтандыру, сондай-ақ жол мен аула аумағын күтіп ұстау бағыттары бойынша тиісті қызметтердің тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылды. Барлық жұмылдырылған ұйымның жұмысын үйлестіретін қалалық штаб жұмыс істейді.

Тұрғындар үшін мереке күндері төмендегі жедел және апаттық байланыс нөмірлері қолжетімді болады:

ТЖД құтқару қызметі: 109;

Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй инспекциясы басқармасы

(ПИК, МИБ жұмысы, аулаларды тазалау және апаттық жағдай мәселелері бойынша):

+7 (727) 225-14-31, +7 (707) 018-08-46, +7 (747) 132-23-52;

Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй инспекциясы басқармасы

(жеделсаты, қазандық және газ жабдығы мәселесі бойынша):

+7 (727) 390-28-19, +7 (701) 344-74-87;

"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ (электрмен жабдықтау):

+7 (727) 356-99-99, +7 (701) 410-88-56;

"Алматы жылу жүйесі" ЖШС (жылыту және ыстық сумен жабдықтау):

+7 (727) 378-06-48;

"Алматы Қала Жарық" АҚ (көше және аулаішілік жарықтандыру):

+7 (727) 390-20-40, +7 (727) 390-20-60;

"Алматы Су" ШЖҚ МКК (суық сумен жабдықтау және кәріз жүйесі):

+7 (727) 274-66-66, +7 (727) 274-24-20, +7 (771) 852-91-01;

"ҚазГаз Аймақ" АҚ (газбен жабдықтау):

+7 (778) 959-47-67.

Алматы қаласының әкімдігі тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға және оқыс жағдай туындаған кезде кезекші қызметтерге жедел түрде жүгінуге шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: