Рудныйдың жылу желілерін жекешелендіру әзірге ерте – Құмар Ақсақалов

Алматинская ТЭЦ-2, Алматинская ТЭЦ 2, теплоэлектроцентраль, тепловая электростанция, электроэнергия, отопление, теплоснабжение, тепловая энергия, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2025 15:57 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов 2025 жылғы 23 желтоқсанда ОКҚ-дағы брифингте "Рудненские тепловые сети" ЖШС-ін бәсекелестік ортаға беру жоспарларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Құмар Ақсақаловтың айтуынша, бұл нысан, соның ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы басқа да объектілермен қатар, Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген жекешелендіру жоспарына енгізілген.


"Жоспар бойынша 2030 жылға дейін іске асыру көзделген. Ашығын айтқанда, жекешелендірудің бұл кезеңін жүргізу әзірге ертерек деп есептеймін, өйткені мемлекет жылу желілерін жаңғыртуға қомақты қаржы салды. Мен өз пікірімді жазбаша түрде білдіріп, бұл нысанды жекешелендіруге әлі ерте екенін атап өттім", – деді облыс әкімі.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы 28 қарашада Қостанай облысындағы жылу желілерін қайта жаңғыртуды аяқтауға Үкімет резервінен шамамен 2,2 млрд теңге бөлінгені хабарланған болатын. Бұл қаражат Қостанай, Жітіқара, Арқалық қалаларындағы жылумен жабдықтау нысандарын, сондай-ақ Рудный қаласының сумен жабдықтау жүйесін жөндеуге бағытталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: