Қаңтардағы ҰБТ-ға кім қатыса алады: толық тізім

ЕНТ, тестирование, тесты, экзамены, выпускной класс, выпускники школы, национальный центр тестирования, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2025 16:31 Фото: Национальный центр тестирования
2025 жылғы 22 желтоқсанда қаңтардағы Біріңғай Ұлттық тестілеуге (ҰБТ) өтініш қабылдау басталды. Өтініштер 30 желтоқсанға дейін қабылданады. Ұлттық тестілеу орталығы мамандары кімдер қатыса алатынын еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орталықтың мәліметінше, қатысушылар:

  • 2026 жылғы мектеп бітірушілер;
  • ЖОО-на шартты түрде қабылданғандар;
  • Колледж бітірушілері;
  • Алдыңғы жылдардағы мектеп бітірушілері;
  • Шетелде оқыған Қазақстан азаматтары;
  • Қазақ ұлтына жататын шетел азаматтары;
  • Шығармашылық мамандық студенттері, ақылы негізде басқа мамандыққа ауысқысы келетіндер;
  • "Педагогикалық ғылымдар" мамандығына ақылы негізде ауысқысы келетін студенттер.

Өткізу мерзімі – 2026 жылғы 10 қаңтардан 10 ақпанға дейін. Тест уақыты – 4 сағат (240 минут). Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қосымша 40 минут беріледі.

Өтініш берген кезде тестілеуге қатысушылар өздері орын, күн және уақытын таңдай алады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: