Тоқаев Астана әкіміне Smart City жобасын тездетіп аяқтауды тапсырды

Тоқаев Астана әкіміне Smart City жобасын тездетіп аяқтауды тапсырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2025 17:01 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әкіміне Smart City жобасын тездетіп аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің сөзінше, жақын арада Жедел басқару орталығы іске қосылады. Қаладағы бейнекамералардың жұмысы және басқа да қызметтер осы орталықтан басқарылады. Бұл жүйе түрлі қауіп-қатерге дер кезінде назар аударуға және келеңсіз оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді.

"Қазір платформаны іске қосу үшін Деректерді талдау орталығы салынып жатыр. Осы цифрлық инфрақұрылымды құқық қорғау органдары да қолдана алады. Сол арқылы қаланың қауіпсіздігін күшейтуге мүмкіндік туады". Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы сондай-ақ "Заң және тәртіп" қағидаты іс жүзінде жұмыс істеуге тиіс екенін айтты.

"Астана әкіміне осы шаруаны тездетіп аяқтауды тапсырамын. Еліміздегі басқа қалалар да осындай платформаны енгізуге тиіс. Бұл жұмысты Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі үйлестіруі керек", - деді ол.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: