Астана тек орталық көшелері айнадай жарқырап тұратын қала болмауға тиіс - Тоқаев

Астана тек орталық көшелері айнадай жарқырап тұратын қала болмауға тиіс - Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2025 17:04 Сурет: Zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың шеткері аудандарға да көңіл бөлу керек екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның сөзінше, қаланы безендіру жұмыстарына бюджеттен бөлек демеушілер қаражатын да тартуға болады.

"Жаңа жылда кәсіпкерлеріміздің басын қосуды жоспарлап отырмын. Оларға тағы да үндеу жасаймын. Қатаң шаралар қабылдаймын. Түптің түбінде, Отанды сүю – ортақ борыш", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы сондықтан оң жағалаудағы сауда, өнеркәсіп орамдары мен тұрғын үй алаптарын жаңарту жұмыстарын жандандырған жөн екенін атап өтті.

"Көріктендіру мәселесі азаматтарды әрдайым толғандырады. Бұл – түсінікті, сондықтан олардың осылай айтуға қақысы бар. Дегенмен әкімдік те елорда тұрғындары мен қала қонақтарынан жоғары мәдениетті талап етуі керек".Қасым-Жомарт Тоқаев
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: