Шетелге шығуға тыйымның бар-жоғын қалай тексеруге болады
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Мерекелер қарсаңында көптеген азаматтар шетелге сапар жоспарлайды. Осыған байланысты, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" мемлекеттік корпорациясы қазақстандықтарға шетелга шығуға тыйымның бар-жоғын анықтаудың оңтайлы жолын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мамандар келесіні ұсынды:
"Шекарада мүмкін болатын қиындықтар мен шектеулердің алдын алу үшін шетелге шығуға тыйым бар-жоғын алдын ала тексеруге кеңес береміз".
Ақпаратқа сүйенсек, eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында шетелге шығуға тыйым салынғанын тексеруге арналған онлайн-қызмет қолжетімді.
Тексеру мынадай тізімдер бойынша жүргізіледі:
- шетелге шығуы шектелген борышкерлер тізілімі,
- атқару өндірісі бойынша борышкерлер тізілімі.
Қызметті eGov Mobile мобильді қосымшасында онлайн алу жолы:
- "Қызметтер" батырмасын басыңыз.
- "Саяхат, шетелде тұру және эмиграция" – "Шет елге шығуы шектелген, борышқорлар тізілімі және атқару өндірісі бойынша борышқорлар тізілімі бойынша шет елге шығуға тыйым салынғандығының бар болуын тексеру" қызметін таңдаңыз
- ЖСН/БСН еңгізіңіз.
- "Тексеру" батырмасын басыңыз.
"Қызметті алу мерзімі eGov порталында да, eGov Mobile қосымшасы арқылы да 15 минутқа дейін қолжетімді",- деп атап өтті мамандар.
Бұған дейін президенттің жер қойнауы туралы заңға қол қойғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript