Әлия Юсупова Шымкенттің құрметі азамат атанды

Әлия Юсупова Шымкенттің құрметі азамат атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2025 10:58 Сурет: Instagram/aliya_yussupova15
Белгілі спортшы әрі қоғам қайраткері Әлия Юсупова "Шымкент қаласының құрметті азаматы" атағын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл шешім оның спортты дамытуға, жас таланттарды тәрбиелеуге және халық арасында дене шынықтыруды насихаттауға қосқан көпжылдық үлесі үшін қабылданды.

"Шымкент қаласының құрметті азаматы" төсбелгісі мен наградалық лентасын спортшыға мегаполис әкімі Ғабит Сыздықбеков Мәслихат сессиясы барысында табыстады.

Жаңалықты Юсупованың өзі Instagram парақшасында бөлісті.

"Бүгін, Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбековтың өкімімен "Шымкент қаласының құрметті азаматы" атандым.Шырайлы Шым қаламыздың құрметті азаматы атану мен үшін үлкен абырой және мәртебе!Қала басшылығына үлкен ризашылығымды білдіремін", - деп жазды ол.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: