Әлия Юсупова FIG құрметті жаттықтырушысы атанды
30-31 мамыр күндері Қытайдың Шанхай қаласында өткен Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) Атқарушы комитетінің отырысында Әлия Юсуповаға "Құрметті бапкер" атағы берілді.
Әлия Юсупова отандық гимнастика федерациясының басшысы қызметінен бөлек, көркем гимнастиадан ұлттық құраманың бас бапкері қызметін атқарып жатыр.
Оның шәкірттері тұрақты түрде Олимпиада ойындарына қатысып келеді. Париж Олимпиадасында Эльжана Тәниева көркем гимнастикадан ел намысын қорғайды.
Әлия Юсупова – Қазақстан намысын Олимпиадада абыроймен қорғаған алғашқы гимнаст. Ол 2004 жылғы Афина Олимпиадасында 4, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында 5-орын алған.
Одан бөлек, Азия ойындарының жеңімпазы, Азияның абсолютті чемпионы.