Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақылар мен жәрдемақылар мөлшері ұлғайтылды

Пенсия, пенсионеры, пенсионер, пенсионный возраст, пенсионные накопления, пенсионные отчисления, пенсионный фонд, ЕНПФ, пенсионная система, накопительная пенсионная система, накопления, пенсионные выплаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2026 10:57 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың, базалық және ынтымақты зейнетақылардың барлық түрлерінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 10%-ға ұлғайтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 5 қаңтарда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

"Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төменгі базалық зейнетақыны ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ына дейін, ал ең жоғарғысын 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылуда",- делінген ақпаратта.

Мәселен, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңгені (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы), ең жоғары мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 110%-ынан 118%-ына дейін артып, 60 005 теңгені құрайды.

Бұл ретте, мемлекеттік жәрдемақылар мөлшерінің ұлғайды:

  • 1, 2, 3 бала туғанда берілетін жәрдемақы 149 416 теңгеден 164 350 теңгеге дейін, 4 және одан да көп бала туғанда – 247 716 теңгеден 272 475 теңгеге дейін ұлғаяды;
  • мөлшері бала санына байланысты көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы 4 баласы бар отбасылар үшін 63 030 теңгеден 69 330 теңгеге дейін, 10 баласы барларға – 157 280 теңгеден 173 000 теңгеге дейін ұлғаяды;
  • I топтағы мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы 101 702 теңгеден 111 872 теңгеге дейін, II топтағыларға – 81 362 теңгеден 89 498 теңгеге дейін, III топтағыларға – 55 474 теңгеден 61 021 теңгеге дейін ұлғаяды.

Сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетін асыраушысынан айырылу және еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша төлемдер де 10%-ға артты. Бұл төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға бюджеттен төленетін мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады.

"Төлемдердің мөлшері жеке дара болып табылады және соңғы 2 жылда МӘСҚ-қа әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа, еңбек ету қабілетінен айырылу коэффициенттеріне, асырауындағы адамдар санына, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және табысты алмастыруға байланысты болады",- деп мәлімдеді ведомство.

Бұған дейін 2026 жылдың қаңтарында қашан және қандай салықтарды төлеу керек екенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: