БҚО-да полицейлер тұрғынның пәтерінен экстракциялық опийді анықтады

БҚО-да полицейлер тұрғынның пәтерінен экстракциялық опийді анықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2026 17:10 Сурет: polisia.kz
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құралдарын заңсыз дайындау және сақтау дерегін анықтап, әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 1981 жылы туған күдіктіні ұсталды.


"Тінту жүргізу кезінде оның пәтерінен медициналық шприцтер, өзіне тән иісі бар қара түсті зат салынған ыдыс, сондай-ақ сұйықтығы бар пластикалық ыдыстар тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған зат есірткі құралы — экстракциялық опий екені анықталды", - деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция есірткі құралдарының заңсыз айналымы ауыр қылмыс болып саналатынын және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: